1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Талғат Қалиев жаңа қызметке тағайындалды

Талғат Қалиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ол Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.

Талғат Қалиев 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бостандық ауылында дүниегек келген. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім алған.

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған соң Мәскеуде аспирантураға түседі.

1992-1993 жылдары Қазақ стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істейді. Кейін Қазақстанның Түркиядағы, Ұлыбританиядағы, АҚШ-тағы елшісі қызметтерін атқарады.

Кейін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!