06 қараша 2022 09:31

Таразда әйел адам TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Тараз қалалық сотында TikTok әлеуметтік желісінде жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Знамя труда" басылымына сілтеме жасап.


Тараз қалалық сотында TikTok әлеуметтік желісінде жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Знамя труда" басылымына сілтеме жасап.

Сотта Тараз тұрғыны TikTok-парақшасында "Көршілерім-ұрылар" деген видео жариялағаны анықталды. Облыс орталығының тұрғыны видеоның кейіпкері екенін білген. Мұны оның таныстары да білген.

Ер адам сотқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу) бойынша арыз түсірді.

Жәбірленуші құқықбұзушыны "жазалауды" талап етпей, соттан құқықбұзушымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан ол айыптау бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети