Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Таразда табысты тірлік көп 01 желтоқсан 2022, 11:56

Ел экономикасының дамуына Тараз өңірі де үлес қосып келеді. Өңірдегі кәсіпорындар мен шағын өндіруші цех, фабрикалар - аймақ экономикасының
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Ел экономикасының дамуына Тараз өңірі де үлес қосып келеді. Өңірдегі кәсіпорындар мен шағын өндіруші цех, фабрикалар - аймақ экономикасының алға сүйреуші негізгі күштері.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қала кәсіпорындары 436 млрд. 400,6 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2021 жылы - 287 228,1 млн. теңге), физикалық индекс көлемі 110,5 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 149 млрд. 172,5 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (425,9 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 024,5 мың теңге болып қалыптасты.

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

- өңдеу өнеркәсібінде 355 млрд. 47,2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 105,7% құрады (2021 жылы - 230 917,1 млн. теңге);

- кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 2 млрд. 207,6 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 105,0% құрады (2021 жылы - 966,8 млн. теңге).

- электрмен жабдықтау, газ беру саласында 75 млрд. 467,6 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 130,4% (2021 жылы - 51 784,8 млн. теңге);

- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 3 млрд. 678,2 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 107,1%-ды құрады (2021 жылы - 3 559,4 млн. теңге).

Есепті кезеңде ауылшаруашылық саласында 12 млрд. 932,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады (2021 жылы - 12 303,0 млн. теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 1 млрд. 964,5 млн. теңгеге (2021 жылы - 1 515,3 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 10 млрд. 525,6 млн. теңгеге (2021 жылы - 10 480,2 млн. теңге) өнім өндірілген.

Қазіргі таңда қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші 98 цехтар мен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Оның ішінде: шұжық өндіретін цехтар - 27, сүт өңдеуші кәсіпорындар - 5, кіші наубайханалар -10, лепешка цехы - 17, ұн өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар - 4, қымыз цехы-1, қант шығаратын зауыт - 1. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны - 2158 адамды құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 89 млрд. 390,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 103,8% құрады (2021 жылы - 84 373,6 млн. теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (425,9 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 209,8 мың теңге болып қалыптасты.

Оның ішінде бюджеттік салымдар 23 млрд. 424,1 млн. теңге (2021 жылы 27 млрд. 140,2 млн. теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 60 млрд. 830,6 млн. теңге (2021 жылы 53 млрд. 179,6 млн. теңге) және банктерден несиелер және басқада қарызға алынған қаражаттар 5 млрд. 135,9 млн. теңге (2021 жылы - 1 053,7 млн. теңге).

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 237 млрд. 605,0 млн. теңге (2021 жылы - 207 254,1 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100,6% құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 240 млрд. 864,7 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 105,7%-ға орындалды (2021 жылы - 187 123,0 млн. теңге).

Қалада қазіргі уақытта 37 997 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе (2021 жылы - 32 409), оның ішінде 30 624 жеке кәсіпкер, 6888 шағын, 28 орта және 457 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні - 30 949 (2021 жылы - 24 292), оның ішінде жеке кәсіпкер - 25 578, шағын - 4 923, орта - 28 және шаруа қожалығы - 420 бірлікті құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 40 млрд. 352,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады (2021 ж. - 37 361,7 млн. теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. 991,0 млн. теңгеге артып отыр.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 270,0 мың шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 104,7 пайызға орындалды (2021 жылы - 257,9 мың шаршы метр).

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында инфляция деңгейі 15,5%-ды құрады (2021 жылы 6,9 пайыз). Оның ішінде: азық-түлік тауарлары - 20,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 14,1%-ға, ақылы қызметтер тарифі - 10,0%-ға өскен.

Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген. Ең төменгі күн көріс деңгейі 42 962 теңге (2021 жылы 36 574 теңге), орташа номиналды айлық жалақы 212 337 теңгені (2021 жылы 175 183 теңге)құрады.

Денсаулық саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген (2021 жылы - 2 оқиға).

Нәресте өлімі 49 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28оқиғаға төмендеген (2021 жылы - 77 оқиға).

Білім саласында 3 және 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 100 пайызды (2021 жылы - 100%)және 1 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 90,0 пайызды (2021 жылы - 85,1%)құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға артқан.

Құқық қорғау саласында есепті жылы қала көлемінде жалпы әр түрлі 2475 қылмыс тіркеліп (2021 жылы - 2589), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 4,4 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар 5,0 пайызға (808-ден 848-ге)өсіп отыр. Ал, жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 4,4 пайызға (53,6%-дан 49,2%-ға)төмендеген, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 4,5 пайызға (66,3%-дан 61,8%-ға) төмендеп отыр.

Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 52,9 пайызға өсіп, 52 деректі құраған (2021 жылы - 34 дерек).

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 1,9 есе өскен (432 деректен 619 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 866 адамды құрап, 2,9 есе өссе (2021 жылы 573 адам), кісі өлімі 12 адамды құрап, 48,0 пайызға төмендеген (2021 жылы 23 адам).

Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 14420 азамат қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адам, жастар тәжірибесі бойынша 325 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 959 адам, гранттар беру бойынша 261 адам, алғашқы жұмыс орны бойынша 50 адам, ұрпақтар келісімшарты жобасына 9 адам, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін күміс жас жобасына 47 адам, Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқытуды жүзеге асыру бойынша 413 адам, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту 271 адам, кәсіпкерлікке оқыту ("Бастау бизнес") 5089 адам, жұмыссыздарды жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту 67 адам және тұрақты жұмыс орындарына 6900 адам жұмысқа орналасқан.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған

Join Telegram