Тәркіленген цифрлық активтер Қазақстанның 1 миллиард доллар болатын крипторезервіне кіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәркіленген цифрлық активтер Қазақстанның 1 миллиард доллар болатын крипторезервіне кіреді Фото:depositphotos.com/ kakashi7794@gmail.com

Сотталған қазақстандықтардан тәркіленген цифрлық активтер Қазақстанның ұлттық стратегиялық крипторезервінің бір бөлігіне айналады. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сотталған қазақстандықтардан тәркіленген цифрлық активтер Қазақстанның ұлттық стратегиялық крипторезервінің бір бөлігіне айналады. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қылмыстық істерді тергеу аясында құқық қорғау органдары криптовалюта мен өзге де цифрлық активтерді жиі тәркілейді, алайда оларды әрі қарай сақтау, есепке алу және басқару мәселесі әлі ашық қалып отыр.

"Қазір сотталған түрлі азаматтарымыздың қолында цифрлық активтер өте көп. Бұл цифрлық активтер шетелдегі түрлі суық әмиянда және тағы басқа жерлерде сақталадыа, олар заңды түрде қорғалмаған", - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы құқық қорғау органдарында мұндай активтерді басқару үшін қажетті құзырет жоқ екенін, сондықтан оларды ұлттық стратегиялық крипторезервке беру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Тәркіленген активтер кейін осы криптоқорға аударылады деген шешім қабылданды", - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк Бас прокуратурамен, Қаржылық мониторинг агенттігімен және басқа да ведомстволармен бірлесіп, мұндай активтерді резервке беру механизмін пысықтап жатыр.

Сүлейменовтің айтуынша, сақтау инфрақұрылымы дайын. Ол Ұлттық инвестициялық корпорация мен Орталық депозитарий базасында жұмыс істейді.

"Елімізде егеменді криптосақтау қамтамасыз етіледі. Ең бастысы, олар біздің юрисдикциямызда болады, яғни үшінші елдердің заңды талаптарынан қорғалады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық стратегиялық крипторезерв Президент тапсырмасымен құрылып, жақында заң жүзінде бекітілді. Оның мақсатты көлемі 1 миллиард доллар болады.

Сүлейменов резерв үш көзден құрылатынын нақтылады: Ұлттық банктің алтын-валюта резерві, Ұлттық қордың шамамен 300–350 миллион доллар көлеміндегі қаражаты, сондай-ақ тәркіленген цифрлық активтер.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк экономиканың жоғары технологиялық салаларына 1 миллиард долларға дейін инвестиция салудың жеке бағдарламасын іске қосады. Бұл үшін халықаралық басқарушы компаниялармен инвестициялық серіктестік құрылды, олар қазақстандық технологиялық жобаларды іріктеуге кірісіп те кетті.

"Бізде Astana Hub базасында өз "мүйізтұмсықтарымыз" бар, Алматыда өте мықты командалар шоғырланған. Бұл мақсаттарға 1 миллиард долларға дейінгі портфельді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Сүлейменов.

Оның айтуынша, технологиялық компанияларды қолдау және крипторезерв құру жобалары өзара байланысты емес, бірақ қаржыландыру көлемі бірдей болғандықтан, оларды жиі шатастырып жатады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер айналымын жүйелі реттеу күшіне енді. Тиісті түзетулер Қазақстан Республикасының "Цифрлық активтер туралы" заңына енгізілді, ал Ұлттық банк криптовалютамен жұмыс істеу шеңберін айқындайтын заңға тәуелді актілерді бекітті. Бұл өзгерістердің егжей-тегжейін материалдан оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +31
Ақтау +29
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +29
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +28
Тараз +31
Түркістан +27
О
Орал +32
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер