05 желтоқсан 2014 19:57

Тәуелсіздік мерекесінде қазақстандықтар екі күн демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы. Сөйтіп, биыл 15 желтоқсан - дүйсенбі жұмыс күні болып отыр. Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер аталып өтетін күндер ҚР еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп есептеледі. Мейрам күндері демалыс болады.

Мереке күндері демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс беріледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Киколенко ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, Қазақстандағы демалыс және мереке күндерінің кестесін бір жыл бұрын бекітуді сұраған еді. Киколенконың айтуынша, қазіргі уақытта мереке күндерін ауыстыру ҚР "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 5-бабына сәйкес реттеліп жүр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети