28 маусым 2016 09:28

Телеарна тілшілері Балдырған Сыбанбаеваның өлімінің алдын ала себептерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балдырған Сыбанбаева © vk.com Балдырған Сыбанбаева © vk.com

Астана әуежайына жақын орман алқабында табылған 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның өлімінің себептерінің бірі оның табысты бизнесі болуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.


Астана әуежайына жақын орман алқабында табылған 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның өлімінің себептерінің бірі оның табысты бизнесі болуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Телеарнаның тілшілері Балдырған Сыбанбаеваны "бизнес-леди" деп атайды, бірақ қандай бизнес туралы айтылып жатқаны белгісіз. Ал кейбіреулер оны киім сатумен айналысқан дейді.

Айта кетейік, биыл 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.  Кейін келіншектің ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтқан болатын.

Кейінірек жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйітінің табылғаны туралы хабарланған болатын. "26 маусымда шамамен сағат 12.00-де Пригородный ауылының маңында із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу шараларының барысында туыстары жәбірленушіні таныды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-ның "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесімен байланысты айтылмай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети