ТМҰ орталықтарын құру - Қазақстан түркі елдеріне ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМҰ орталықтарын құру - Қазақстан түркі елдеріне ұсыныс жасады Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым. Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді", - деді Президент.

Президент осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алатынын айтты.

"Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді. Сондықтан осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын".

ТМҰ деген не және саммит неге Түркістанда өтіп жатыр?

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) бес елді біріктіреді: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан. Түрікменстан мен Венгрия - бақылаушы елдер. Ұйым түркі халықтары арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған.

Түркістанға түркі әлемінің рухани астанасы деген ресми мәртебе 2021 жылғы наурызда берілген. Содан бері қала ірі халықаралық кездесулер өтетін тұрақты алаңға айналды.

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Саммитте не талқыланып жатыр?

Биылғы кездесудің тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму". Көшбасшылар ЖИ, IT-инфрақұрылым және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды талқылап жатыр. Былтыр ТМҰ елдері арасындағы тауар айналымы 13 миллиард долларға жуықтады.

Бұл неге маңызды?

2026 жыл ұйым үшін символикалық дата саналады: 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы съезге 100 жыл толып отыр. Сонымен қатар ТМҰ-ға жаңа серіктестер де қызығушылық танытып жатыр - "ТМҰ+" форматына АҚШ, Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Израиль және Украина назар аударып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер