24 тамыз 2022 15:47

Тоқаев 90-жылдары Әзербайжанмен арадағы проблемалар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінде 90-жылдары мемлекеттер арасында болған проблемалар бүгінде кішкене әрі елеусіз болып көрінетінін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінде 90-жылдары мемлекеттер арасында болған проблемалар бүгінде кішкене әрі елеусіз болып көрінетінін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кездер есімде, сіздің де есіңізде болар, 90-жылдары мемлекеттер арасында бүгінгі көзқараспен қарағанда кішкене, елеусіз болып көрінетін проблемалар болған. Бірақ олар болды. 8 миллион доллар қарыз мәселесін талқылағанымыз есімде. Осындай мәселе болды, есіңізде ме? Қазір біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық сипатта деп бекер айтқан жоқпыз. Бұл жай ғана айтылған сөздер емес", - деді Тоқаев кездесуде.

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті Қазақстанда танитынын және оны қолдайтынын айтты. Осыған орай Тоқаев Әлиевті жоғары дәрежелі "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

"Сіздің мықты беделді басшылығыңызбен Әзербайжан Республикасының аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі тарихи маңызды міндет аяқталды. Қазақстан әрқашан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын қолдады. Әзербайжанға қатысты бұл қазіргі заманғы халықаралық құқыққа толық сәйкес келетін әділетті қағидат. Бұл жерде тіліміз ортақ, көзқарастарымыз ортақ. Бұл болашақта біздің ынтымақтастығымызды ілгерілетуге жақсы негіз болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети