16 қараша 2022 11:07

Тоқаев Алматыда жер сілкінісін болжау бойынша тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтап, оларды Қырғызстанның дабыл жүйесімен біріктіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтап, оларды Қырғызстанның дабыл жүйесімен біріктіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтты.

"Алматы үшін жер сілкінісін дәл болжау және олар туралы ерте хабарлау өте маңызды. 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтауды, кейін оларды Қырғызстанның хабарлау жүйесімен интеграциялауды тапсырамын. Сонымен қатар, қалада төтенше жағдайлар туралы дауыстық хабарламаларды жіберу мүмкіндігі бар біріктірілген ескерту жүйелерінің жұмысын жолға қою керек", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке бейнебақылау жүйелері, жол қозғалысы, қоңырау шалу белсенділігі және әлеуметтік инфрақұрылым деректерін біріктіретін ахуалдық орталық қызметін толықтай іске қосу қажет екенін атап өтті.

Қаланың "цифрлық егізін" құру идеясы ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи трендтерге және озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

"Қыркүйектегі Жолдауымда әр қала үшін жер телімдерінің функционалдық интерактив картасын және инженерлік желілер схемаларын жасауды тапсырған болатынмын. Алматыда бұл нұсқау "цифрлық егізді" дамыту және қаланың бас жоспарын жаңарту аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар бір-бірімен ұштасып жатқаны жүйелі көзқарастың жақсы үлгісі. Жалпы, бұл менің жақын болашақта қаланы дамытудың негізгі басымдықтары туралы көзқарасым", - деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгін айтылған барлық тапсырма мен жобалар бірінші кезекте алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық әлеуетті нығайтуға және қаланың тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram