1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Армения және Тәжікстан Республикаларының Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті 22 наурыз 2019, 15:04

Армения мен Тәжікстан Президенттері және Грузияның премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Армения мен Тәжікстан Президенттері және Грузияның премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Армения Президенті Армен Саркисян мен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзара тиімді ынтымақтастықты дамудың саяси бағыты өзгермейтінін айтты. Оған қоса олар Президентке жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.  

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения және Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сондай-ақ, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.



Join Telegram