13 қазан 2022 16:12

Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

t.me/bort_01 t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға АӨСШК пен ТМД саммиттеріне қатысқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның Беларусьпен арадағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән беретінін айтты.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық өзара іс-әрекет пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударылды.

"Мен Үкімет мүшелеріне сауда-саттықты, инвестициялық ынтымақтастықты арттырып, жобаларды ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет деп үнемі айтып отырамын. Қолда бар әлеуетті пайдалану қажет. Менің тарапымнан тиімді көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық шара қабылданады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Александр Лукашенко саммитке шақырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, АӨСШК-ті одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екенін айтты.

"АӨСШК ұйымын жаһандық деңгейде дамыта бастағаныңыз өте дұрыс", - деді Беларусь президенті.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети