Тоқаев бизнесті тексеруге мораторийді ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бизнесті тексеруге мораторийді ұзарту туралы жарлыққа қол қойды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы";

1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:";

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;" - делінген Президент сайтында жарияланған құжатта.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +25
Түркістан +27
О
Орал +18
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер