Тоқаев халықаралық ұйымдардың көңіл көншітпейтін болжамдары туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев халықаралық ұйымдардың көңіл көншітпейтін болжамдары туралы айтты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Тоқаев халықаралық ұйымдардың көңіл көншітпейтін болжамдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтты. Ол Бішкекте өтіп жатыр.

"Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді.

Қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайызды құрады. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді", - деді Тоқаев.

"Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек", - дейді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +28
Ақтау +29
Ақтөбе +30
Атырау +25
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +28
Петропавл +29
С
Семей +28
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +31
О
Орал +26
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер