29 тамыз 2023 14:40

Тоқаев Конституция туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@aqorda_resmi @aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз бүгін Конституция күніне орай арнайы жиналдық. Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата Заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады. Баршаңызға мәлім, былтырғы референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға қолдау көрсетті. Ата Заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бәрі мемлекет басқару моделін жаңғыртуға негіз болды. Реформа жасау кезінде ең алдымен құқық қорғау саласына баса мән берілді. Конституциялық Сот құрылды. Омбудсмен институты және прокуратура органдарының мәртебесі артты. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түсті. Реформаның нақты нәтижесі бар"

Президент бұрынғы Конституциялық кеңес ширек ғасырдың ішінде бар-жоғы 140-қа жуық істі қарағанын айтты. Бұл – жылына небәрі 5 мәселе ғана қаралды деген сөз.

"Ал Конституциялық Сот алғашқы 7 айдың ішінде 43 істі қарауына алды. Соның 23-і бойынша тиісті шешім шығарылды. Яғни, азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Бұрын мұндай құқыққа билік институттары ғана ие болған еді. Жұрт Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, сонымен бірге еліміздің бүкіл құқық жүйесін жетілдіруге үлес қосады. Азаматтардың омбудсмендермен қарым-қатынасы едәуір жандана түсті. Өтініштердің саны екі есе артты. Конституциялық құқықтың қорғалуына прокурорлық қадағалау шаралары күшейді", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, құқық қорғау жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер арыз-шағымдар көбеюіне түрткі болды. Бұл – қалыпты жайт.

"Қазір билік пен азаматтардың қарым-қатынасындағы көптеген түйткілдер анықталып жатыр. Оның бәрі – жылдар бойы жиналған мәселелер. Оларды мұқият зерделеп, қолданыстағы ресурстардың қаншалықты тиімді екенін бағалау керек. Сондай-ақ жұмыстың бағыт-бағдарын қоғам мүддесіне сай нақтылау қажет. Бүгін біз реформалардың әлеуеті қалай іске асырылып жатқанын және олар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қалай әсер ететінін талқылаймыз. Нәтижелі пікір алмасу болатынына сенімдімін. Президент жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия – мемлекеттік органдар мен азаматтық институттардың әлеуетін біріктіретін басты сараптама алаңы".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети