Тоқаев ІІМ басшысы Сәденовке тасырма берді

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев ІІМ басшысы Сәденовке тасырма берді Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды.

Ержан Сәденов 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін айтты.

"Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады. Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Министр киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді.

Оның айтуынша, қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.

Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.39   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +33
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер