Тоқаев Мұхтар Шахановтың жақындарына көңіл айтты

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мұхтар Шахановтың жақындарына көңіл айтты Фото: madeniet__aqparat__ministrligi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. "Отырар дастаны", "Жігерлендіру", "Шың басындағы оқиға", "Эверестке шығу", "Ғашықтық ғаламаты" секілді өлеңдердің авторы. "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" әндерін жазған. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.49   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер