Тоқаев Пәкістан премьерін АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың аяқталуы бойынша дипломатиялық әрекетінің нәтижелі болуымен құттықтады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Пәкістан премьерін АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың аяқталуы бойынша дипломатиялық әрекетінің нәтижелі болуымен құттықтады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады.

Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды.

Сондай-ақ Президент Исламабад өңірлік қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға елеулі үлес қосуын жалғастыра беретініне үміт артатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Пәкістанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растап, премьер-министрдің жауапты қызметіне табыс тіледі.

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +21
П
Павлодар +22
Петропавл +24
С
Семей +24
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +23
О
Орал +21
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер