16 қараша 2021 17:26

Тоқаев саяси реформалар жалғасатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды жариялап, кез келген өзгеріс халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуы тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларды жариялап, кез келген өзгеріс халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуы тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір айдан кейін еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл бүкіл халық үшін маңызды күн және ел дамуындағы маңызды кезең. 30 жыл ішінде өмірдің барлық саласына жүргізілген реформалар қоғамды түбегейлі өзгертті және басында таңдалған жолдың дұрыстығын көрсетті. Біз осы тарихи күнді қуатты мемлекет және біртұтас халық ретінде атап өтеміз.

Бірақ жетістіктерге қанағаттанып, тоқтап қалуға болмайды. Елді одан әрі дамытамыз. Саяси реформалар, экономиканы дамыту және әлеуметтік даму жалғасады", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) отырысында.

Ол Үкіметтің мақсаты елде реформа болуы үшін реформа жасау емес екенін айтты.

"Ешкімге мағынасыз диалог қажет емес. Кез келген өзгерістер нәтижесінде халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту керек. Мемлекет пен қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды ғана іске асыру қажет. Бұл мен үшін басты қағида", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети