01 маусым 2021 12:39

Тоқаев Шарында қаза тапқан мұғалімді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №199 гимназия мұғалімі марқұм Мерей Ибрагимовты адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №199 гимназия мұғалімі марқұм Мерей Ибрагимовты адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан Мерей Ибрагимовтың жақындары мен туыстарына көңіл айтатынын хабарлады. Оның сөзінше, Президент 29 мамыр күні Алматы облысындағы Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаны үлкен күйзеліспен қабыл алды. Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болғандардың жақын туыстарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Шәкірттерін құтқарамын деп өзі құрбан болған білікті маман Мерей Нұрғазыұлы өмірін ұстаздыққа арнады. Оқушыларының сүйікті мұғалімі болды. Табиғат тосын мінез көрсеткен апатты жағдайда жас ұстаз батылдық танытып, оқушысына жанкештілікпен көмек көрсетуге ұмтылды. 26 жасында өмірден қыршын кеткен Мерей Нұрғазыұлының ерлігі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел жүріп алты адам жарақат алды, 2 адам қаза тапты. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр болып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен.

Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты

Кейін Білім және ғылым министрлігі Шарын шатқалындағы селден Алматы қаласындағы №199 гимназияның оқушысы мен мұғалімі қаза тапқанын хабарлады.

"Сүйікті ұстаз". 26 жастағы педагог Шарында балаларды құтқарамын деп қаза болды

Кейін Tengrinews.kz тілшісі селден аман қалған қыздың анасымен сұхбаттасты. Ол қызының құтқарушылар келгенге дейін қалай аман қалғанын және шатқалда қалай түнеп шыққанын айтып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети