12 желтоқсан 2022 13:32

Тоқаев Үкімет жұмысын жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысын жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысын жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысында Президент заңнамаға "мемлекеттік органдарға өздерінің салалық құзыреті шегінде қажетті іс-қимылдар жасауға мүмкіндік беретін" түзетулер енгізіліп жатқанын атап өтті. Тоқаев атқарушы билік басшылары тарапынан кәсіпқойлықты, бастамашылықты және көшбасшылықты талап ететінін айтты.

"Президент Әкімшілігі жүргізген талдау көрсеткендей, Үкімет функцияларының жартысына жуығы уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлеген салалық шешімдерді ресми мақұлдауға келеді. Сонымен бірге Үкіметтің тағы бір функциясы үйлестіріп, басшылыққа алу. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде норма шығармашылық практиканы жаңғырту және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды орталықсыздандыруды жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты Үкіметке заң деңгейінде мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен өкілеттіктерін ғана сақтай отырып, заңнамалық актілерге жүйелі тексеру жүргізу тапсырылады", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салалық мәселелерді әзірлеу, оларды іске асыру және бақылау Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне берілуге тиіс. Орталық пен өңірлер арасында функцияларды қайта бөлу тұрғысынан осындай жұмысты Тоқаев 2023 жыл ішінде жүргізуді тапсырды.

"Сонымен қатар, орталық және жергілікті деңгейде Бірінші басшылардың үлкен жедел дербестігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттеу тәсілдерін қайта қарау қажет. Бюрократизация бойынша жүйелі жұмысты, әсіресе жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жалғастыру маңызды. Азаматтардың неғұрлым сұранысқа ие рәсімдері барынша оңтайландырылып, қайта қаралуы тиіс", - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұған дейін мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқару құралдарын кеңінен қолдану тапсырылғанын еске салды. Президент Әкімшілігінде маңызды ұлттық жобаларға жетекшілік ететін "жайлы мектеп", "ауылдық денсаулық сақтау" жобалық кеңсесі, сондай-ақ негізгі инвестициялық жобалар іске қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети