23 қараша 2022 08:54

Тоқаевты Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің басшылары құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауд Арабиясының королі Салман және тақ мұрагері әрі премьер-министр Мұхаммед бен Салман Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа президенттік мерзімге қайта сайлануымен құттықтап жеделхат жіберді.

Мәртебелі король өзінің жеделхатында ел Президентіне зор денсаулық пен бақыт, ал Қазақстан халқына тұрақты даму мен өркендеу тіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян да құттықтау жолдады.

Тоқаевқа осындай хабарламаны Дубайдың вице-президенті, премьер-министрі және билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум да жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети