Трамп Назарбаевты құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Назарбаевты құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевты Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаевты Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады.

АҚШ Президенті осы жаһандық шараның арқасында Қазақстаннан және дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақтар адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан.

"Америка Құрама Штаттары Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысып, Американың энергетика, ғылым және технология салаларындағы үздік жетістіктерін, сондай-ақ сан қырлы мәдениетімізді көрсетуді зор мәртебе санайды", - делінген хатта.

Сондай-ақ, Трамп АҚШ павильоны өткен ширек ғасырда елдеріміз нығайта түскен стратегиялық серіктестіктің маңызды нышаны болып саналатынын және оның Құрама Штаттардың алдағы уақытта да өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қолдауға деген ниетін білдіретінін атап өтті.

"Президент мырза, "ЭКСПО-2017" көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін", - делінген хатта.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.17   568.8   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +30
Ақтау +28
Ақтөбе +27
Атырау +32
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +30
П
Павлодар +23
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер