22 желтоқсан 2020 08:41

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресми түрде атауын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kapital.kz © kapital.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында айтылған тапсырмасына сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өзінің ресми атауын "Отбасы банк" деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар-24" телеарнасына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында айтылған тапсырмасына сәйкес, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өзінің ресми атауын "Отбасы банк" деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар-24" телеарнасына сілтеме жасап.

2020 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

Бүгіннен бастап банктің толық атауы мынадай:

мемлекеттік тілде: "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы; 

орыс тілінде: Акционерное общество "Жилищный строительный сберегательный банк "Отбасы банк";

ағылшын тілінде: Joint stock company "Otbasy bank" house construction savings bank".

Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

Бүгіннен бастап "Отбасы банк" деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Ондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейді. 

Қазір банктің депозиттік портфелі 976 миллиард теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 триллион теңгеге дейін жетеді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети