19 сәуір 2022 10:00

Тұрғын үй субсидиясы, экспорттағы шектеулер. 18 сәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сәриев/Тengrinews Фото: Әлихан Сәриев/Тengrinews

Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалған. ІІМ ресейліктер қай өңірлерге келіп жатқанын айтты. Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтініш қабылдау басталды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.


Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалған. ІІМ ресейліктер қай өңірлерге келіп жатқанын айтты. Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтініш қабылдау басталды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді 

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына квота енгізеді. Қазіргі уақытта бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды. Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге болатыны туралы хабарланды.

"Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры қамауға алынды 

Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын "Алматы СпецТехПаркинг Сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады. Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Еңбек министрлігі орташа зейнетақы мөлшерін атады

2022 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 105 344 теңге. 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді. Наурызда зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 234,8 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 71,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 163,4 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді.

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтініш қабылдау басталды 

Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдаудың онлайн платформасы іске қосылды. "Отбасы банк" мәліметінше, қазірдің өзінде 17 мың өтініш қабылданған. Сәуірдің ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алуы қажет екені айтылған. Оны otbasybank.kz порталында ("Баспана маркет" маркетплейсі) "Жалға алу ақысын субсидиялау" бөлімінде жасау керек. Сондай-ақ, банк мәліметінше, субсидия алуға өтінімдер электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады.

Фото:gov.kz

ІІМ ресейліктер қай өңірлерге келіп жатқанын айтты

2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 16 837 Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Орыстардың ең көп саны Қызылорда облысына - 2463, Алматыға - 2116, БҚО - 1677, Қостанай облысына - 1525 келген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі (8217) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш қабылданды

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды 

Қазақстанда "7-20-25" тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді. 18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген. 7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар

СІМ елшіліктің Киевке қайтарылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді 

Telegram-арналарда Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевке қайтарылғаны туралы ақпарат тарады. Авторлар эвакуациядан кейін бірінші болып қазақстандық дипломаттар Украина астанасына оралғанын атап өткен. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының елшілігі Львов қаласындағы жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Елшілік ғимаратын күзетіп, оған күтім жасау үшін қызметкерлердің бірі Киевке жіберілген.

Ashyq әзірлеушілерінің үстінен ​​сотқа арыз түсті 

Бұл туралы бағдарламаның әзірлеушісі Виталий Пустовойтенко мәлімдеді. Оның сөзінше, Ashyq-ты мемлекет меншігіне сыйға тарту шартын жарамсыз деп танып жатыр. Енді қосымша авторлары соттың алдында сыйға тарту шарты және авторлық құқық бойынша дәлел келтіру керек. Пустовойтенко талапкердің (ЖК) уәждері мүлдем түсініксіз екенін жеткізді.

Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалған

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген. Жанат Элимановтың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.  

Фото: Ақорда 

Еурокомиссия басшысы Ресей банкрот болатынын айтты

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп жатқанын, соған орай дефолт тек уақыт еншісінде екенін айтты. Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Сондай-ақ, ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамайтынын білдірді.

"Газпромбанк" бұрынғы вице-президентінің жанұясы өлі табылды 

Baza телеграм-арнасының мәліметінше, 51 жастағы экс-банкир 47 жастағы әйелі Елена мен 13 жастағы қызы Марияны тапаншамен атып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Полицейлердің бұлай топшылауына қару Аваевтың қолында болғаны себеп. Аваевтар отбасы мүшелерінің мәйіттері дүйсенбіде Университетский даңғылындағы пәтерден табылған - оларды бірінші болып туысы көрген. Ол Аваевтар үйіне ұзақ уақыт бойы хабарласқан, бірақ телефон тұтқасын ешкім көтермеген. Экс-банкирдің мұндай әрекетке баруына қызғаныш болуы да мүмкін. БАҚ мәліметінше, Аваевтың әйелі жеке жүргізушісінен жүкті болған. Тергеу көрсеткендей, ер адам әйелі жүкті екенін біліп, отбасы мүшелерін, кейін өзін өлтірген болуы мүмкін.

Владислав Аваев. © Baza

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети