18 сәуір 2022 08:48

Еурокомиссия басшысы Ресей банкрот болатынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп жатқанын, соған орай дефолт тек уақыт еншісінде екенін айтты, - деп хабарлайды Tagesspiegel.

Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Сондай-ақ, ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамайтынын айтты.

"Санкциялар апта сайын Ресей экономикасына терең дендеп жатыр. Ресейге тауар экспорты 70 пайызға төмендеді. Ресейлік 700 ұшақтың қосалқы бөлшектері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңартылмауына байланысты лицензиясынан айырылды. Ресейдің мемлекеттік банкроттығы - тек уақыт мәселесі", - деді фон дер Ляйен Bild am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети