21 қазан 2020 08:51

Түркістан әкімдігі жерді "жасылға" бояғандардың видеосына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Түркістан әкімдігіндегілер жерді жасыл түске бояп жатқан сәт түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан әкімдігіндегілер жерді жасыл түске бояп жатқан сәт түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Kozachkov offside Telegram-каналында жарияланды. Ролик авторы "газон сияқты етіп көрсету үшін жерге жасыл түске боялған сұйықтық төгіп жатыр" деп ойлады.

"Түркістанда шөп сияқты етіп жерге жасыл бояу төгіп жатыр. Бірақ шөп жоқ. Әйтеуір бірдеңе істеуден қашу", - деді ролик авторы.

Алайда әкімдіктегілер бұл болжамды жоққа шығарды. Олардың айтуынша, видеода газон шөптердің тұқымын гидравликалық егу процесі түсірілген.

"Гидравликалық егу технологиясының ерекшелігі - тұқым, тыңайтқыштар мен гидравликалық мульча араластырылады және сұйық күйінде жерге төселеді. (...) Гидравликалық мульча жасыл түске боялған. Пайдаланылған барлық материал экологиялық қауіпсіз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ ведомстводағылар мұндай технология Түркістанның басқа аудандарында қолданылғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети