29 наурыз 2022 08:57

Түркістан облысында әкім орынбасарының жанжалдасқан видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© DK News © DK News

DK NEWS YouTube-арнасы, алдын ала ақпарат бойынша, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев, Сайрам ауданының Анықтау бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев және Сайрам АІІБ анықтау бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаров түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


DK NEWS YouTube-арнасы, алдын ала ақпарат бойынша, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев, Сайрам ауданының Анықтау бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев және Сайрам АІІБ анықтау бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаров түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамдар "Қазына" кафесінде жанжал шығарғаны хабарланды. Ұрыс-керіс кадрларын куәгерлер түсіріп алған. Видеода әкімнің орынбасарына ұқсайтын ер адам қасындағы адамдарды итеріп, алдымен ер адамдармен, содан кейін әйелмен сөзге келетінін көруге болады. Кадрларда бейәдеп сөздер бар. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі видеода Ерлан Оразбаев бар екенін растады. 

"Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға түсті. Әзірге оны жұмыстан шығарып немесе жазалауға болмайды", - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова OTYRAR басылымына.

Түркістан облысы полициясы мәліметінше, оқиға 17 наурызда кафеде болған.

"Бейнежазбадағы оқиға 17.03.2022 жылы Сайрам ауданында болғанын хабарлаймыз. Жанжал куәгерлері бұл туралы дереу полицияға хабарлады. Оқиға орнына Сайрам АІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы жедел түрде шығып, қажетті шаралар қабылдады. Жанжалға қатысы бар адамдар туысқан болып шықты. Олар бір-біріне шағым жазудан бас тартып, татуласты. Осыған байланысты полиция қызметкері куәгерлердің көзінше өтініштерден бас тарту туралы акт жасады, іс тоқтатылды", - деді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети