20 қазан 2020 07:35

Түркістан облысында экс-әкім 150 гектар жерді иемденді деген күдікке ілінді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отырар ауданының экс-әкімі Бақыт Сыздықов. © 1tv.kz Отырар ауданының экс-әкімі Бақыт Сыздықов. © 1tv.kz

Бұрын жемқорлық үшін сотталған Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Бейбіт Сыздықов және оның туыстары "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік табиғи паркінің жерін иемденіп алды деген күдікке ілінді. Бұл - 150 гектар жер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия Бірінші арнасына" сілтеме жасап. 


Бұрын жемқорлық үшін сотталған Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Бейбіт Сыздықов және оның туыстары "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік табиғи паркінің жерін иемденіп алды деген күдікке ілінді. Бұл - 150 гектар жер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия Бірінші арнасына" сілтеме жасап. 

"Сырдария-Түркістан" табиғи паркінде өсімдіктің мыңға жуық түрі өседі. Оның 40-тан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Сондықтан территория қорғалады және бұл жерде рұқсатсыз ештеңе істеуге болмайды. 

Табиғат қорғаушы инспектор Мырзахан Атахановтың айтуынша, экс-әкім жерді қоршап алған және инспектор отыратын постты қоса алған.

"Жақында жердің паркке тиесілі екені білгілі болды. Екі апта бұрын білдік. Бірақ бізді бұл жаққа кіргізбейді. Жеке территория, бәрі жабық. Ал біз бәрін қадағалау үшін мұнараға көтерілуіміз керек", - деді инспектор.

Құқық қорғаушы Еркін Қахаров мұны заңды өрескел бұзу деп есептейді.

"Парк маған барлық растайтын құжатты берді, парк әкімшілігі ұсынды, мен шарт жасастым және сенімхат бойынша паркке заңды көмек көрсетіп жатырмын. Неге әкім? Басқа жергілікті шаруа алса түсінер едім, бірақ неге әкім? Олар елден ерек пе? Неге мемлекеттің меншігін? Егер олар заңдастырып алған болса, мемлекеттік актіні көрсетсін", - дейді ол.

Қахаров құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол жерде арнайы комиссия құрылған. Табиғи паркке тиесілі 150 гектар жер және инспектор отыратын орын мен өрт мұнарасы біреудің меншігіне өтіп кеткені анықталды.

Жердің экс-әкім Бейбіт Сыздықовқа тиесілі екенін оның өзі растады. Оның отбасы - осы өңірдің тумасы. Сондықтан ол жерді сатып алып, мал бағып жатыр. Бұрынғы шенеунік территорияны кімнің қоршағанын білмейтінін атап өтті.

"2009-2013 жылдары су тасқыны болды. Пост салғымыз келді. Маған Асқаров келді, ол сол кезде Орман шаруашылығы комитетінде жұмыс істеген болуы керек. Менің жерім төбеде тұрғанын айтып, менен мұнара салуға рұқсат сұрады. Сол кезде мен жер бергенмін. 10 жыл өткен бұл сұрақ көтеріліп отыр. Бұл инспекторлар бұған дейін неге үнсіз отырды?" - деді экс-әкім.

Сыздықов жерді мемлекетке қайтаруға дайын екенін айтты. Ал табиғи парктегілер оған сенгісі келеді, олай болмаса сотқа жүгінеміз дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети