24 желтоқсан 2020 10:48

Түркістан облысында ойын жабдықтары жойылған сәт видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тәркіленген заңсыз ойын жабдықтары жойылды. Экономикалық тергеу департаменті заттардың қиратылған сәтінің видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында тәркіленген заңсыз ойын жабдықтары жойылды. Экономикалық тергеу департаменті заттардың қиратылған сәтінің видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының экономикалық тергеу департаменті өкілдері бұл іс бойынша үкім заңды күшіне енгенін айтты.

"Түркістан облысының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәркіленген заңсыз ойын қызметіне арналған жабдықтар жойылды", - деді ведомстводағылар.

Видеоға жабдықтарды жою кезі түсірілген. 

"Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес казино мен ойын залдары арнайы бөлінген ойын аймақтарында орналасуы керек. Қазақстанның басқа жерлерінде казино мен ойын залдарын ашуға тыйым салынады. Қылмыстық кодекстің 307-бабы "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және ойын залдарын жалға бергені үшін қылмыстық жауап көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети