03 мамыр 2020 09:18

Түркістан облысында тағы 3200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақтаарал ауданындағы су басу қаупі төнген Нұрлыжол мен Фредоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мақтаарал ауданындағы су басу қаупі төнген Нұрлыжол мен Фредоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, су тасқыны 4 елді мекенге қауіп төндіріпті. Яғни 4 624 халқы бар 868 үй су астында қала жаздаған. Алайда дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында қауіптің беті қайтыпты.

"Төтенше жағдайға байланысты 18 эвакуациялық орын дайындалған. Олар Атакент, Мақтарал, Жамбыл елді мекендерінде орналасқан. Апаттан құтқару жұмыстарына 630 адам мен 2 су көлігі және 56 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда қауіпті аймақтағы тұрғындар мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшіріледі. Бұл жұмыстарға Келес, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарының әкімдіктері атсалысады", - делінген облыстың баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Бірақ ауданда су басу қаупі бар ауылдар да жоқ емес. Оның бірі - Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Фердоуси елдімекені.

"Бүгінде ауыл ортасындағы "Фердоуси" жалпы орта мектебінің аумағында су көтерілді. 6 үйдің ауласын су басқан. Елді мекеннің ішкі коллекторына су толды. Жеңіс елді мекеніндегі негізгі көпірді су шайып кетті. Көпірдің ұзындығы - 10 метр, ені - 6 метр. Сондай-ақ Нұрлыжол ауылындағы 28 гектар мақта егістігін су басты", - делінген хабарлама.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны салдарынан Жаңа жол мен Еңбекшіауылдық округтеріндегі 3 елді мекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылы зардап шеккен.

"Алдын ала болжам бойынша 181,1 миллион теңгенің шығыны келген. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта өнімі - 148 миллион теңге, 42 гектар жоңышқа - 2,1 миллион теңге, 150 гектар бақша - 30 миллион теңге, 10 гектар жүгері - 1 миллион теңгеге шығын келді деген болжам бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 4 елді мекенде 5335 бас мал тіркелген. Оның ішінде 799 бас мал зардап шеккен. Оның 328-і ірі қара, 361-і ұсақ мал, 53-і жылқы, 57-сі түйе. Ал 249 мал өлген.

Қазіргі таңда ветеринар дәрігерлер  Жантақсай, Фердоуси елді мекендеріндегі 3 686 малды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети