01 қыркүйек 2016 13:24

ҰҚК Алматы облысында ұсталған радикал топқа кімнің жетекшілік еткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Алматы облысында ұсталған радикал топқа кімнің жетекшілік еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Алматы облысында ұсталған радикал топқа кімнің жетекшілік еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК өкілдері редакция жолдаған сауалнамаға берген жауабында 2016 жылдың 18 тамызында Алматы облысында ұсталған радикал топтың басшысының Қырғызстандағы Ош облысының тумасы - 42 жастағы азамат болып шыққаны айтылады. "Қалғандары - Алматы облысының тумалары екен, олар 20-30 жас аралығындағы қазақстандықтар", - деді ведомстводағылар.

"Террористік актілерді жасауға бағытталған қылмыстық әрекеттерді қаржыландыру үшін 2016 жылдың 18 тамызында ұсталған радикал топтың мүшелері орта және шағын бизнес өкілдеріне шабуыл жасамақ болған. Ұсталған азаматтардың үйлерінен орта қуатты жарылғыш заттар тәркіленді. Айта кетейік, Алматы облысында ұсталғандардың халықаралық деңгейдегі террористік әрекеттерге қатысы бар ма, жоқ па әзірше белгісіз. Тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайы айтылмайды", - деді ҰҚК өкілдері. 

Сондай-ақ, ведомстводағылардың мәліметінше, 2015 жылдың басынан ҰҚК құқық қорғау органдарымен біріге отырып, террорлық мазмұндағы 9 акцияға тосқауыл қойған.

Осыған дейін ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Алматы облысында ұсталған азаматтардың салафиттер екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауылтосқауыл қойған болатын.

Сот санкциясына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети