29 тамыз 2023 13:45

Үкіметте үш жылдық бюджет жобасы қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Үкімет отырысында 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы қаралып, қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Үкімет отырысында 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы қаралып, қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі 5,3-6 пайыз деңгейде болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2024 жылы 6-8 пайыз деңгейінде, ал 2026 жылы бес пайызға дейін төмендейді деп жоспарланған.

"Үш жылдық кезеңге ұсынылған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Смайылов.

Тиісті заң жобалары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енді Парламент депутаттарының қарауына енгізіледі.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Кеңсесінің шығындары бюджет жобасынан алынып тасталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети