Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жұма, 17 қаңтарда ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы 15,25 пайыз деңгейінде сақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жұма, 17 қаңтарда ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы 15,25 пайыз деңгейінде сақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Желтоқсанда Қазақстанда инфляция 8,6 пайызға дейін үдеп, 2024 жылға болжанған 8-9 пайыз диапазон шегінде қалыптасты. Қызметтер бағасының жоғары өсуі және тамыздан бастап байқалып отырған азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясының жеделдеуі оның динамикасына көптеп үлес қосты. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру мен теңгенің әлсіреуі аясында инфляция күш алып тұр.

Сонымен қатар, инфляцияның орнықты бөлігінде өсім сақталып отыр. Ол фискалдық ынталандыру жалғасқандықтан сұраныс тарапынан қысым барын көрсетеді. Желтоқсан айында халықтың инфляциялық күтулері, жоғары құбылмалылықты көрсетіп, қайта өсті.

"Әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуына және Ресейде инфляцияның қарқын алуына байланысты сыртқы инфляциялық қысым жоғары болып тұр. Дамыған экономикаларда инфляция соңғы айларда ұзаққа жалғасқан төмендеу кезеңінен кейін біршама өсті. Орнықты инфляция және күшті еңбек нарығы ұзақ уақыт бойы қатаң сыртқы монетарлық талаптардың сақталуына әсер етуі ықтимал. Мәселен, АҚШ ФРЖ қыркүйек айындағы бағалаумен салыстырғанда мөлшерлемелер баяу төмендейді деп күтеді", -делінген хабарламада.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қысқамерзімді экономикалық индикатордың өсуі ж/ж 6,2 пайызға дейін жеделдеді. Бұл экономиканың артық өскенін көрсететін белгі болуы мүмкін. Барлық негізгі салада өндіріс артқаны байқалады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және көлік салалары жақсы өсім көрсетті. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде динамика тәуір қарқын алғаны байқалады.

"Проинфляциялық тәуекелдер сақталып отыр. Сыртқы ортадан – олар Ресейдегі инфляцияның жоғарылауына байланысты, ал ішкі ортадан – реттелетін бағалар саласындағы реформаның жалғасуына, әлсіреген теңгенің бағаларға әсер етуіне, фискалдық ынталандыру, тұрақсыз инфляциялық күтулер және тұтынушылық кредиттеудің өсуі кезіндегі жоғары ішкі сұранысқа байланысты.

Айырбастау бағамының әлсіреуі, инфляциялық күтулердің жеделдеуі, сондай-ақ инфляцияның нақты динамикасының өсуі аясында жиынтық ақша-кредит шарттары біршама жеңілдеді. Осыған байланысты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жаңартылатын келесі шешімде Комитет инфляцияны 5 пайыздық таргетке қарай орнықты түрде төмендеу траекториясына қайтару үшін ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттілігін анықтайды".

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 7 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer