09 желтоқсан 2021 11:13

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын кестені бекітті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк 2022 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк 2022 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндерде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады:

  • 24 қаңтарда;
  • 9 наурызда;
  • 25 сәуірде;
  • 6 маусымда;
  • 25 шілдеде;
  • 5 қыркүйекте;
  • 24 қазанда;
  • 5 желтоқсанда.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұған дейін базалық мөлшерлеме қатарынан үш рет көтерілді.

Базалық мөлшерлеме - бұл ақша нарығындағы номинал пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, реттеуші орта мерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети