15 қараша 2016 11:45

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның 25 жылдығына арналған ескерткіш монетаны таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ескерткіш монетаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ескерткіш монетаны таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай естелік монетаның шығарылғаны туралы жарияланды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" конференциясында жаңа еескерткіш монетаның шыққаны жайлы хабарлады.


 

"Биыл біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Бұл - ерекше күн. Бұл - өткенімізге көз тастап, жетістіктеріміз бен жеңістерімізді бағалайтын уақыт. Атқарғанымыз да көп, өзгерістер де көп. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды. Бұл - халқымыз, оның қуаты мен бірлігі, даналығы мен көрегендігі, төзімі мен түсіністігі", - деді Данияр Ақышев.

Ол бұл ескерткіш монетаның негізінде Мәңгілік Ел идеясы жатқанын айтып берді. "Мәңгілік Елдің мызғымас негіздерінің бірі - жалпыұлттық ынтымақ, келісім мен бейбітшілік. Отанымыз бір - ол Тәуелсіз Қазақстан, Еліміз бір - Тағдырымыз бір. Ынтымақ пен келісімге адал халық мыңдаған жылдар бойы тіршілік ете бермек", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Төрағасы ескерткіш монетаның ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың Күніне орай айналысқа шығарылатынын айтты.

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюраны таныстырған болатын. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети