28 тамыз 2021 13:56

Ұлттық ұлан қызметкері Жамбыл облысындағы ТЖ кезінде тұрғынға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық ұлан қызметкері Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде тұрғынға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.


Ұлттық ұлан қызметкері Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде тұрғынға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.

Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Жамбыл облысындағы төтенше жағдай аймағында тапсырмалар орындаған.

"Қызмет барысында 28 тамызда сағат 12:00 шамасында 1946 жылы туған азаматша Патшайым Айтымбетова екінші жедел батальон фельдшері сержант Нұржан Оралбековке жүгінген. Тұрғын денсаулығына шағымданған соң, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тұрғылықты жері бойынша дәрігерлерге жіберілді. Ұлттық ұланның жеке құрамы тұрғындарға кез келген сәтте көмектесуге дайын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети