Универсиада кезінде жедел жәрдем тікұшақты пайдаланады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Универсиада кезінде ауыр жарақат алған спортшылар ауруханаға тікұшақпен жеткізіледі. Әуе көліктері аса қауіпті спорт түрлерінен сайыс өтетін үш нысанға кезекшілік етеді. Атап айтқанда - Медеу, Табаған таулы аймақтары мен Алматы аренада зардап шеккендер, небәрі 15 минутта ауруханаға жеткізіліа, шұғыл көмек ала алады. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Универсиада кезінде ауыр жарақат алған спортшылар ауруханаға тікұшақпен жеткізіледі. Әуе көліктері аса қауіпті спорт түрлерінен сайыс өтетін үш нысанға кезекшілік етеді. Атап айтқанда - Медеу, Табаған таулы аймақтары мен Алматы аренада зардап шеккендер, небәрі 15 минутта ауруханаға жеткізіліа, шұғыл көмек ала алады. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Дүбірлі дода кезінде ауыр жарақат алған науқастарға шұғыл көмек № 7 және 4-ші қалалық ауруханаларда көрсетіледі. Ол үшін қос аурухананың базасында арнайы тікұшақ қонатын алаң жасалды. Жоспар бойынша жедел-жәрдем көлігі тікұшақпен жеткізілген науқасты күтіп алып, бірден аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізеді. Ол небәрі 2 минут уақытты алады.

№ 4 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген науқасты бір мезетте бірнеше дәрігер қарап, көмек көрсетеді. Оларға көбінесе аяқ-қолы сынып, басынан жарақат алған ауыр халдегі адамдар түседі. Сондықтан құрамында травматолог, хирург, терапевт, неврапотолог сынды мамандар бар арнайы топ сақадай сай дайындық үстінде. Ақ халаттылар қолдан келген көмектерін көрсету үшін күндіз-түні тынбай қызмет етуге дайын.

"Қысқы Азияда ойыны кезінде бізде жарақат алған науқастар болған. Қанша екені саны есімде жоқ. Менің өзімде жағдай болды. Біздің ауруханаға Монғолияның спортшысы  сол ойын кезінде хоккей ойнайды екен, сол ойын кезінде жарақат алған тізесінен. Соны біздің ауруханаға алып келді, біз толығымен тексердік, тізесінің байланымың үзілгенін анықтадық. Сол туралы спортшыға түсіндіріп айттық. Спортшы бізге операция жасауға келісім берді, біз операциясын жасап осы жерден шығарып жібердік", - деді Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жедел жарақат бөлімінің меңгерушісі Мейрамбек Жұмағұлов.

Универсиаданы өткізуге дәрігерлер сақадай сай. Қажетті медициналық құрал-жабдықпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген кезекші жедел медициналық көмек бригадасы барлық 9 спорт нысанында да жұмыс істейтін болады. Жаңадан алынған 40 жедел жәрдем көлігі шұғыл, дереу және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын тұрады. Спорттық сайыстар өтетін аумақтарда 150-ден астам жедел көмек көрсететін ақ халаттылар болады.

"Универсиаданы өткізу аясында министрлік Алматы қаласының әкімшілігімен бірге қатысушыларға шара барысында және тоқтаған орнында уақтылы, сапалы медициналық көмек көрсету мәселелерін пысықтады. Жалпы медициналық көмек көрсету стационарлық түрде көрсетілетін болады, жедел-жәрдем түрінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ медициналық пункттердің қызметтері ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі таңда қажетті даярлық толық аяқталды десек болады", - деді ҚР Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова.

Жарыс кезінде көмек көрсететін жедел-жәрдем қызметкерлерінің барлығы көзге ерекше түсетін, арнайы киім үлгісімен қамтамасыз етілген. Олардың барлығы да ала жаздай ағылшын тілінен дәріс өтіп, жаттығыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer