Венециядағыдай: үш күндік жаңбыр Атырау көшелерін каналға айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венециядағыдай: үш күндік жаңбыр Атырау көшелерін каналға айналдырды Фото:depositphotos.com

Атырауда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Кейбір учаскелерде жүріп-тұру мүмкін болмай қалған. Жергілікті тұрғындар жақын арада автокөліктен қайыққа ауысуға тура келетінін айтып, әзілдеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.


Атырауда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Кейбір учаскелерде жүріп-тұру мүмкін болмай қалған. Жергілікті тұрғындар жақын арада автокөліктен қайыққа ауысуға тура келетінін айтып, әзілдеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, нөсерден кейін су үйлерге кіріп, аулаларды басып, қала тұрғындарын әбігерге салған. Әкімдік бұл жағдайды кейінгі күндері жауған жауын-шашын мөлшерінің нормадан едәуір асып кетуімен түсіндіреді. Алайда атыраулықтардың өздері мәселенің басты себебі – тиімді нөсер кәрізі мен су бұру жүйесінің жоқтығында деп санайды.

"Әр жаңбырдан кейін су көтеріліп, аулаға кіреді, үйдің айналасы көлкіп жатыр. Дренаж жүйесі жоқ. Соның кесірінен ағаштар қурап жатыр. Мәселені жағдай қиындамай тұрып, алдын ала шешу керек. Әкімдік бұл мәселемен айналысуы тиіс. Кеше кейбір көшелерде өрт сөндіру көліктері су сорды. Бірақ бұл қашанғы жалғаса береді?" - деп кейіді қала тұрғындарының бірі.

Су мектептердің, балабақшалардың және өзге де әлеуметтік нысандардың аумағын басты. Ағатын жол таппаған су тұрғын үйлердің аулаларына жайылды. Тіпті, жаңадан салынған жолдардың өзі бұзыла бастаған.

"Қазір әр аулада су тұр, ол ешқайда кетпейді. Үйлердің едені шөге бастады. Қабырғаларға сыз өтті", - дейді тағы бір тұрғын.

Қалалық әкімшіліктің мәліметінше, үш күн ішінде Атырауда 27 миллиметр жауын-шашын түскен. Ал маусым айындағы орташа норма – 17 миллиметр. Су сору жұмыстарына қырықтан астам арнайы техника жұмылдырылған.

"Үш күнде маусым айының орташа айлық нормасының 158 пайызы жауды. Су сору және нөсер зардаптарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстар қаланың негізгі көшелерінде, арық желілерінде, әлеуметтік нысандар аумағында, сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен тұрғындардың өтініштері бойынша атқарылып жатыр", - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан.

Сонымен қатар синоптиктер алдағы аптада да жауын-шашынды болады деп болжап отыр. Тұрғындар болса, тек жауын-шашын салдарын жоюмен ғана шектелмей, алдын ала профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет деп есептейді. Олар болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін су бұру жүйесін салып, жаңғырту керек деген пікірде.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.81   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +26
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +30
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +24
Тараз +28
Түркістан +21
О
Орал +26
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер