17 ақпан 2021 17:53

Зейнетақы жинақтарын инвестициялау: қызмет қашан іске қосылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі аптада басқарушы компанияларға бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі аптада басқарушы компанияларға бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарттарын жасасу жұмысын бастап кетті. Ақпанның басынан олар ақпарат алмасуға және зейнетақы жинақтарын беруге байланысты техникалық мәселелерді пысықтап жатыр. Шарт жасасып, БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялардың тізілімі жарияланғаннан кейін салымшы компанияны таңдап, өз жинақтарының бір бөлігін сол жерге аудара алады. Келесі аптада бұл опция салымшыларға қолжетімді болады деп ойлаймыз", - деді Еділ Медеу агенттіктің брифингінде.

Агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қазір Қазақстанда 18 басқарушы компанияның алтауы зейнетақы активтерін басқару құқығын пайдалана алатынын нақтылады.

"Бұл бизнесті жүргізуге арналаған шешім, сондықтан басқарушы компания мен оның акционерлері бұл шешімді өздері қабылдауы керек. Сол себепті алты компанияның бәрі бұл қызмет нарығына шықпауы да мүмкін. Басқарушы компанияларды қосу, олардың бұл қызметті міндетті түрде көрсететінін білдірмейді", - деп түсіндірді Хаджиева.

Зейнетақы жинақтарын компаниялар басқаруына беру үшін оны БЖЗҚ-мен бірге жүргізетін қосымша шарт жасасу қажет.

Бұған дейін агенттік жинақтарды мерзімінен бұрын алу шеңберінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат бере алатын алты компанияны атады:

  • First Heartland Jysan Invest АҚ;
  • BCC Invest АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес ұйымы;
  • Halyk Global Markets АҚ ("Қазақстан Халық банкі" АҚ ЕҰ)");
  • Halyk Finance "Қазақстан Халық банкі" ЕҰ АҚ;
  • First Heartland Capital АҚ;
  • "Сентрас Секьюритиз" АҚ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети