09 қыркүйек 2014 10:44

Чилидегі жарылыс: жарақат алғандардың саны 14-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чили астанасы Сантьягодағы метро бекеттерінің бірінде болған жарылыстан жарақат алғандардың саны 14-ке жетті, оның ішінде үш адамның жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның алдында сегіз адам жарақат алды деп хабарланған болатын. 

Жарылыс 8 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 14:15-те "Әскери мектеп" станциясының жедел тағам әзірлейтін мейрамханасында болған. Жарылыс құрылғысы оқ дәрі мен өрт сөндіргіштен құрастырылған және кафеге қарама-қарсы қойылған қоқыс тастайтын жәшікке салынған. Жарылыс кафеге адамдар көп жиналатын уақытта болған. Қазір жарақат алғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жәбірленгендер арасында бір адам Венесуэла азаматы болып шықты. 

Бұдан бұрын Чили билігі Сантьяго метросында болған жарылыста террорлық акті нышандары байқалғанын хабарлаған еді. Чили Президенті Мишель Бачелет дүйсенбі күнге жоспарланған барлық шаралардан бас тартып, сейсенбі күні жедел қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге шақырған. Ішкі істер министрі Родриго Пеньяилильо жәбірленгендердің жағдайын білу үшін Бачелеттің өзі ауруханаға кіріп шығуға ниеттеніп отырғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети