Қазақстанда бірыңғай QR-кодты іске қосу күні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бірыңғай QR-кодты іске қосу күні белгілі болды Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда бірыңғай QR-кодтың іске қосылатын күнін жариялады. Бұған дейін оны биыл іске қосу уәде етілген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда бірыңғай QR-кодтың іске қосылатын күнін жариялады. Бұған дейін оны биыл іске қосу уәде етілген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында келесі айдан бастап қазақстандықтар бірыңғай жүйе арқылы кез келген банктің QR-кодымен төлем жасай алатынын айтты.

"Биыл 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында биыл 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа саласын іске қосу үшін құқықтық негіз жасалды", - деді Ұлттық банк басшысы.

Сәуір айында Сүлейменов бірыңғай QR-код шамамен қашан іске қосылатынын айтқан болатын, бірақ нақты күнін атамаған еді.

"Біз бұл процесті егжей-тегжейлі әрі мұқият зерттедік. Бұл мәселемен біздің өз командамыз айналысуда. Банктер өз экожүйелерінде, осы QR-төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке құралдарына және өз технологияларына қомақты инвестиция салды. Енді бұл жүйелердің қауіпсіз түрде бір-біріне қолжетімді болуы үшін оларды өзара үйлестіру қажет", - деді сол кезде Сүлейменов.

Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында Ұлттық банкте бірыңғай QR-код жүйесі 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңында толық іске қосылады деп жоспарланған.

2025 жылы Парламент "Банктер және банк қызметі туралы" заңды және оған қоса қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Заң Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды - банкаралық мобильді төлемдер жүйесі мен бірыңғай QR-кодты енгізуді қарастырады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +31
Ақтау +30
Ақтөбе +26
Атырау +29
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +31
П
Павлодар +29
Петропавл +32
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +33
Түркістан +25
О
Орал +31
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер