16 сәуір 2014 | 14:00

Назарбаев жұмыс істемейтін несиелерді азайтуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев.  ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің 2013 жылғы және 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің 2013 жылғы және 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кеңес соңында Ұлттық банк пен Үкіметке екінші дәрежелі банктер портфельдерінде жатқан жұмыс істемейтін несиелер деңгейін азайту, банк секторын Базель ІІІ капитал стандартына көшіру, қаржы қызметтерін тұтынушылар құқын қорғауды күшейту, құнды қағаздар нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Президент тұтастай алғанда бүгінде елімізде қаржы секторының дамуын тұрақты деп сипаттауға болатынын айтты. 

"Экономикадағы несие өткен жылмен салыстырғанда, 13%-ға өскен. Халық депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің кепілі болатын Ұлттық қордың қаржысы 70 млрд доллардан асып, бір жыл ішінде 22%-ға жуық артты. Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру аяқталды. Сақтандыру нарығы да өсіп келеді, оның активтері есептік кезеңде 18%-ға өсті. Қаржы саласын одан әрі нығайтуға жүйелі көзқарас қалыптастыру үшін Ұлттық банк Үкіметпен бірге Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасап жатыр. Бұл жұмысты осы жылдың маусымына қарай аяқтау керек", - деді Назарбаев.

Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов өз кезегінде ақша-несие саясатын іске асыру мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі міндеттердің орындалуы туралы баяндады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети