01 наурыз 2022 09:48

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты жағдайға пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге бағамына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңге бағамына қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысын Украинадағы оқиғалардың экономикалық жағдайға әсері туралы сұрақтан бастауды ұсынды.

"Геосаяси жағдайдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялар салынуы біздің экономикамызға да әсер етіп жатыр. Ресей рублінің айтарлықтай әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанның қаржы нарығына қысым күшейіп отыр.

Сыртқы күйзелістің жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында Ұлттық банк инфляцияның айтарлықтай өсу тәуекелдерін азайтуға, теңге жинақтарын қорғауға және елдің алтын-валюта резервтерін ұтымды пайдалануға бағытталған кешенді шараларды жүргізіп жатыр", - деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық банк басшысы теңгеге қатысты жағдайға ден қою туралы айтты.

"24 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтеру туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл шешім ұлттық валютаға қысым мен инфляцияны төмендетуге, сондай-ақ теңге активтерінің сақталуына бағытталған", - деді Пірматов.

Үкіметпен бірлесіп іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру басталғаны айтылды. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша бюджет қаражаты есебінен өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы жарияланған.

Сондай-ақ, базалық мөлшерлеме өскеннен кейін Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры тұрғындардың теңгедегі депозиттері бойынша шекті мөлшерлемені көтерді.

"Қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін ескере отырып, Ұлттық банк өткен аптада 176 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді. Біз интервенцияларымыз туралы ақпаратты жедел жария етеміз", - деп қосты Пірматов.

Пірматов Ұлттық банк оқиғаларды бақылап, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалайтынын айтты.

"26 және 27 ақпанда АҚШ пен Еуропа елдері ресейлік жекелеген банктерді SWIFT жүйесінен ажырату және Ресей Орталық банкінің активтерін бұғаттау арқылы ресейлік қаржы секторына қарсы бұрын-соңды болмаған шектеу шараларының жаңа пакетін жариялады. Шектеу әсерін барынша азайту үшін Қазақстан дағдарысқа қарсы шаралардың келесі кезеңін жүзеге асыруға кірісті", - деді Пірматов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети