Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Әлішер Кәрімов пен Amre "Ресей дауысы" шоуының финалына өтті 25 желтоқсан 2021, 09:17

Қазақстандық Әлішер Кәрімов пен Amre лақап атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстандық Әлішер Кәрімов пен Amre лақап атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік "Голос" шоуының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Первый каналға" сілтеме жасап. 

Жартылай финалда әр тәлімгердің командасынан екі адам өнер көрсетті. Ернар Садырбаев Дима Биланның тобында. 

Сахнада ол "Подбери музыку" (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Раймонд Паульс) композициясын орындады.

Шәкірттерінің өнерінен кейін Дима Билан 60 пайыз дауысын Ернар Садырбаевқа, 40 пайызын Ильхам Тагировқа берді.

Көрермендер дауыс бергеннен кейін Amre жалпы 128,5 пайыз жинап, финалға шықты. Тагировта 71,5 пайыз дауыс болды.

Тағы бір қазақстандық Әлішер Кәрімов финалға шығу үшін ресейлік Татьяна Качуринамен бақ сынасты. Олардың командасы биыл 28 қарашада Александр Градский қайтыс болғаннан кейін тәлімгерсіз қалған еді. 

Әлішер Кәрімов "Я тебя никогда не забуду" (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Алексей Рыбников) әнін орындады.

Финалист көрермендердің даусымен таңдалды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз жинады. Осылайша қазақстандық әнші шоу финалына өтті.

Жалпы "Ресей дауысы" шоуының финалына Әлішер Кәрімов, Ернар Садырбаев, Александр Волкодав және Элина Пан шықты. 

Төрт қатысушы арасындағы жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram