29 қыркүйек 2017 13:29

Атырауда халықаралық ақындар айтысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Атырауда халықаралық ақындар айтысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сайысқа тек қазақстандық сөз шеберлері емес, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін келген 20 өнерпаз түсіп жатыр.

Айтыс ақындардың өнеріне Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Бауыржан Халиолла, Алтынбек Қоразбаев, Светқали Нұржан сынды елге белгілі құрметті азаматтар қазылық етуде. Айтысты тамашалауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі келіп, ақындарға сәттілік тіледі.

"Бұл айтысты бауырлас азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсетін шара деп ойлаймыз. Атырау жеріне қош келдіңіздер!", - деді Нұрлан Ноғаев.

 Өңір басшысы, сонымен қатар, төл өнерге жанашырлық танытып жүрген Жүрсін Ерманға, жергілікті және алыстан келген ақындар мен қазылар алқасына ризашылығын білдіріп, шараның Елбасының “Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, бүгін басталған ақындар айтысының қорытындысы ертең 29 қыркүйек күні белгілі болады.

Суретті түсірген Ерлан Алтыбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети