15 қазан 2015 16:07

Батырхан Шүкеновтің жаңа әнжинағы "Аманат" деп аталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Батырхан Шүкеновтің "Аманат" атты жаңа альбомы жыл соңына дейін шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батырхан Шүкеновтің "Аманат" атты жаңа альбомы жыл соңына дейін шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа альбоммен танымал композиторлар - Ринат Ғайсин, Қуат Шілдебаев, әншінің директоры Олжас Байқанов пен достары айналысып жатыр. Әнжинаққа Батырхан Шүкеновтің айтқан 10 композициясы кіреді. 

"Біз Қуат Шілдебаевпен студияға келіп, жазбаларды ақтара бастадық. Көп материал таптық. Бір ай ішінде біз оның қазақ тілінде жаңа альбомын шығарамыз. Егер Батырхан болмағанда мен музыкант ретінде танылмас едім. Ол маған сенімділік, бақыт сыйлады. Онымен таныс болғаным үшін өзімді бақытты музыкантпын деп есептеймін. Біз онымен бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Альбомға кірген әндер өте ерекше", - деді Ринат Ғайсин.

Айта кетейік, әнжинақтағы басты ән"Аманат" Алматыда өткен "ЖасSTAR" халықаралық фестивалінде таныстырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети