21 шілде 2018 15:34

Денис Теннің әніне арналған tribute-видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube кадры Youtube кадры

Денис Теннің әніне арналған tribute-видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Gakku youtube-каналында пайда болды.


Денис Теннің әніне арналған tribute-видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Gakku youtube-каналында пайда болды.

"Денистің музыка жазғаны көпшілік үшін жаңалық болады. Ол жарыққа шығармақшы болған әнге трибьют-видео жасадық. Үздіктердің үздігін жадымызда сақтаймыз. Denis Ten - She won’t be mine (Tribute MV)", - деп жазды композитор Эмиль Досов Twitter желісінде. 

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Бүгін, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети