04 наурыз 2017 21:00

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген 3-орын алды.


Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген 3-орын алды.

Бұл кезеңде Димаш Құдайберген бастапқыда "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқады. Олар - Қазақ Ұлттық Өнер академиясында әншімен бірге оқитын студент достары. 

"Дайдидауды" айтпас бұрын бар xалыққа Құрманғазының "Адай" күйін тарттым! Бұл менің xалқыма, бар жанкүйерлеріме арнайы тосын сыйым болатын! Миллиардар қазақ күйінің үніне құрмет көрсетіп, қошемет білдірді!.. Мақсатым осы болатын...", - деп пікір білдірді әнші бұл өнері жайлы.

Ал әншінің өкілі Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Қытай сайттары қазақ аспаптарын жарыса зерттеп жатыр екен.

"Кешір Димаш!.. Бір сырымызды бөлісемін. Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды... Еңкілдеп тұрып жылаған Димаш "мақсатым осы болатын еді ғой, досым" деп ағынан жарылды!.. Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім... Расымен де, саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да "Адайды" тартты! 24 сағат қасында жүрген "мен білемін" деп айта аламын: Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды! Димаштың өнері көрсеткеніне бір күн өтпей қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр. Бір ғанибет!.. "Адажио" болсын "S.O.S" -те де Димаш осылай қуанбаған шығар!.. Жүрегі баладай тап-таза Досымнан айналдым! Мен Сені, Сенің өнерге деген маxаббатынды, Сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін!.. Бауырым, Досым @kudaibergenov.dimash алда талай жеңіс бар! Алға!!! Қазақстаннан қолдап келген музыкант жігіттер мен қыздарға, менің жаңа достарыма мың алғыс", - деп жазды Instagram желісінде Алпамыс Шаримов.


© Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, Желіде Димаш Құдайбергеннің сұхбаты жария болды. Видеода ол Джеки Чанның киноға шақырғаны және "жұбайының, үш баласының барын, оларды сағынғаны" туралы әзіл айтып береді. 

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері арт-суреттерімен таңғалдыруын қояр емес.

Ал қазақстандық шығармашыл жастар, дәлірек айтсақ xaxa_show вайнерлері Димашқа арнап әзілге толы ән де жазыпты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети