07 наурыз 2019 13:19

Димаш The World's Best байқауынан кетті ме? Желіде түсініксіз видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желіде Димаш Құдайберген қатысып жатқан The World's Best байқауының келесі шығарылымының видео үзіндісі жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.


Желіде Димаш Құдайберген қатысып жатқан The World's Best байқауының келесі шығарылымының видео үзіндісі жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.

Американдық шоу CBS телеарнасында әр сәрсенбі күні кешке (Астана уақыты бойынша бейсенбі күні таңда) көрсетіледі. Бұл жолы эфирде басқа қатысушылардың сөз сөйлеу нөмірлері көрсетілді, олардың ішінде үш баладан тұратын Филиппин тобы - TNT boys-да бар. Олар АҚШ әншісі Вонни Лопезбен бақ сынасып келесі турға өтті. Айта кетейік, шоу жанкүйерлері филиппиндік балаларды Димаш пен Данэлияның басты қарсыластары деп атайды.

Келесі айналымның жарнамалық қысқа видеосында Димаш Құдайберген түскен. Онда шоу жүргізушісі Джеймс Корден төрешілерге қарата сөйлейді. Ол Димаштың мәлімдеме жасайтынын хабарлайды, осыдан кейін қазылар алқасының мүшесіндегі Ру Пол былай дейді: "Сен қайда келгеніңді білдің емес пе?".  

Facebook желісінің қолданушылары, негізінен Димаш жанкүйерлері әншінің шоудан кетуге шешім қабылдады деп болжады. Бірқатар көрермендердің айтуынша, ұйымдастырушылар ересектер мен балалардың қатысуымен байқау өткізбеуі керек еді. Димаштың фанаттары қазақстандық әншінің жас таланттардың жолында тұрғысы келмейтінін және оларға жол бергісі келеді деп санайды.

Еске салайық, Димаш Құдайберген The World's Вest екінші раундында жеңіске жетіп, үшінші айналымға өткен еді. Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself композициясын орындады. Қазақстандық әнші 94-39 есебімен жеңді. Америкалық қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа максимал 50 балл берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

“A Star is Born” ???? #TWBDimash #WorldsBest ???? @kudaibergenov.dimash

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

Димаштың қарсыласы италиялық әнші болды. Ол бұрындары Voice of Italy байқауында жеңіске жеткен - Кристина Скуччиа. Ол негізі Сестра Кристина лақап атымен өнер көрсетеді. 30 жастағы Кристина - монах әйел. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#TWBSisterCristina making @madonna proud with her #WorldsBest performance! ????

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

Еске салайық, Данэлия Төлешова да The World's Вest екінші раундында жеңіске жеткен еді. 

The World's Вest - талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен мктер Ру Пол, британлық күлдіргіш Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен 50 сарапшы қабылдайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#TWBManami ???? #WorldsBest

Публикация от The World's Best (@theworldsbestcbs)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети