Қарағандыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды

28 Тамыз 2015, 11:28
0
Қарағандыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қарағандыда Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сурет қаладағы трансформатор шағын бекеттерінің бірінің қабырғасына салынды. Оның биіктігі - 6 метр.

Суретті 26 жастағы Айдар Мұңайтбасов салған. Ол сурет салумен бала кезінен айналысады, түрлі конкурсқа да қатысып жүр. Айдар бұл ойға кенеттен келгенін айтты. "Мен Батырхан Шүкеновтің бейнесі қарағандылық тыңдармандарының жүрегінде қалуы үшін оның суретін салдым. Мен де оның әндерін сүйіп тыңдаймын", - деді Айдар Мұңайтбасов.

Айдар Мұңайтбасов

Автордың айтуынша, бояудың құны арзан емес - 1000 теңге көлемінде. Батырхан Шүкеновтің бейнесін салу үшін оған 30 құты бояу керек болған. Қазір жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Суретші оны жақын арада аяқтайтынын айтты. Оның айтуынша, суретті салып жатқанын көрген адамдар оған рахмет айтқан. 

© Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда да Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болған еді. Оның портреті салынған граффитиді Арбат ауданындағы Панфилов көшесі, 101-үйден көруге болады. Мина Бакарасова Батырхан Шүкеновтің портретін қабырғаға салушы бір топ ерікті суретшілерге бастамашы болды. Олар сурет салуды 30 сәуір күні кешкі сағат 8-де бастап түнгі 1-де аяқтады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай